
2023 жылғы 24 ақпанда Жоғары аудиторлық палатада мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Әңгімелесуге Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиялары, ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың жұмыскерлері қатарынан 20 кандидат қатысты.
Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін 4 кандидат, мемлекеттік аудитор біліктілігін 6 кандидат иеленді, ал 10 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі