
Лакхнау қаласында (Үндістан) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшыларының VI кездесуі аясында Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы Наталья Годунова мен Үндістанның Бас аудиторы және бақылаушысы Гириш Чандра Мурмудың екіжақты кездесуі өтті.
Тараптар елдер арасындағы қалыптасқан жылы, достық қарым-қатынасты атап өтті.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен Үндістанның жоғары аудит органы мемлекеттік аудит саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты – тиімділік аудиті және IT-аудит саласында елдер арасындағы өзара іс қимылды дамыту.
Наталья Годунова өз сөзінде "Үндістан Республикасының Бас аудиторы мен бақылаушысы офисінің халықаралық аудиторлық қауымдастықтардың белсенді мүшесі, ІТ-аудитті сәтті жүзеге асыратын институт ретіндегі көп жылдық тәжірибесі біз үшін өте маңызды" деп атап өтті.
Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптар бірлескен іс-шаралар-мемлекеттік аудиттің өзекті бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын, семинарлар өткізуді көздейді.
Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою нәтижесінде тараптар жылы лебіздермен алмасты және одан әрі кәсіби ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі