ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЖАО ынтымақтастығының 2023-2024 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЖАО ынтымақтастығының 2023-2024 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді

Төраға Наталья Годунова бастаған Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы делегациясының қатысуымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшыларының VI-кездесуі жалғасуда.

Іс-шараның екінші күні Пәкістан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан ЖАО бірінші басшылары баяндама жасады.Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшыларының VI-кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қаралып, талқыланды. Делегация басшылары жасанды интеллект сияқты озық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттер енгізетін аудит мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және мемлекеттік ресурстарды тиімді жұмсауға, әлеуметтік және экономикалық дамуды ынталандыруға, сондай-ақ қажетті қадағалауды қамтамасыз етуге ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.Бұдан басқа, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшыларының VI-кездесуінің хаттамасына қол қойылды және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЖАО ынтымақтастығының 2023-2024 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Келесі отырыс өтетін орын Душанбе қаласы (Тәжікстан) болып белгіленді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Ресей Федерациясының ЖАО және Өзбекстан ЖАО делегацияларының басшыларымен келіссөздер жүргізілді.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі