
Төраға Наталья Годунова бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшыларының VI-кездесуіне қатысуда.
Іс-шара Лакхнау қаласында (Үндістан Республикасы) өтуде, оны Үндістанның жоғары аудит органы (ЖАО) ұйымдастырды. Оған Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Үндістан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Ресей Федерациясының ЖАО басшылары мен өкілдері қатысты.
Үндістанның бақылаушысы және бас аудиторы, сондай-ақ Уттар-Прадеш – Смт Анандибен Пател губернаторы Гириш Чандра Мурму мырза құттықтау сөзін сөйледі.
Кездесуге қатысушылар өзекті мәселелер мен даму перспективаларын, сондай-ақ аудитте жасанды интеллектті қолдану мүмкіндігін және киберқауіпсіздік проблемасын талқылады.
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында даму жөніндегі негізгі міндеттердің қатарында еңбек өнімділігінің деңгейін және зияткерлік әлеуеттің сапасын арттыруға бағытталған ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін нақты айқындап бергенін атап өтті.
"Аудиттегі жасанды интеллекттің ең үлкен құндылығы – оны үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуде, статистикалық әдістерден тыс талдау арқылы барлық транзакцияларды жүргізуде қолдану. Жасанды интеллектпен статистикалық іріктеу қажет емес. Сонымен қатар, деректерді өңдеуге кететін шығындар мен уақыт едәуір азаяды. Бұл аудиторлық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деп атап өтті Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының басшысы.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі