
Жоғары аудиторлық палатаның және Тексеру комиссияларының қызметкерлері Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (АССА IPSAS) бағдарламасы бойынша сертификаттау курсынан өтті.
Азия Даму Банкінің Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 23-27 қаңтар аралығында Жоғары аудиторлық палатаның және Тексеру комиссияларының қызметкерлері Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ACCA IPSAS) бағдарламасы бойынша сертификаттау курсын аяқтады.
Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСҚЕХС) қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің сапасын, жүйелілігін және ашықтығын жақсарту үшін әзірленді. Олар кассалық тәсіл және жалпы мақсаттағы қаржылық есептілікті дайындау үшін үкіметтер мен басқа қоғамдық сектор ұйымдары қолданатын есептеу тәсіліне негізделген стандарттарды құрайды.
Бұл сертификаттау қолда бар құзыреттерді ҚСҚЕХС стандарттарына қатысты нақты техникалық білім мен дағдылармен толықтыруға мүмкіндік береді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі