Әділет министрлігі «Е-Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін балансқа қабылдады

Әділет министрлігі «Е-Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін балансқа қабылдады

2022 жылғы наурызда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына және ақпараттандыру саласында мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне аралық бағалау жүргізілді.

Мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҰАТ АҚ) тарапынан "Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділетмині) беру жөнінде пәрменді шаралар қабылданбағаны анықталды. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында одан әрі оны Республикалық адвокаттар алқасына және Республикалық заң консультанттары алқасына сенімгерлік басқаруға беру белгіленген.

Осыған байланысты «ҰАТ» АҚ-ға «Е-Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін Әділетмині балансына беру тапсырылды.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Әділетмині, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ және «ҰАТ» АҚ арасында 2022 жылғы желтоқсанда «Е-Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» бағдарламалық өнімін  және айрықша мүліктік құқықты сыйға тарту шартына қол қойылды.

Осылайша, «Е-Заң көмегі» АЖ Әділет министрлігінің балансына қабылданды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі