
2022 жылғы маусымда медицина кадрларын даярлауға, денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге бөлінген бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты медициналық білім беру ұйымдары активтерінің, сондай-ақ "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит барысында "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ның жалпы сомасы 253,4 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтары анықталды.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау үшін "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ есепке алуда 253,4 млн.теңгені көрсету арқылы бұзушылықтарды жойды.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі