
2021 жылғы қыркүйекте Павлодар облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудит барысында 113 құрылыс объектісінің тиісті деңгейдегі коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілмегені анықталды.
Осыған байланысты Павлодар облысының әкімдігіне анықталған бұзушылықты жоюға тапсырма берілді.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау үшін Павлодар облысының әкімдігі пайдаланушы ұйымдарға 77 құрылыс объектісін бекітіп беру шараларын қабылдады.
Қалған объектілер бойынша жұмыс жалғасуда.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі