Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Наталья Годунова бастаған делегация «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) барды, онда АХҚО органдары мен олардың ұйымдарының – Биржаның, Соттың және Халықаралық төрелік орталықтың, Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің, Техникалық хабтың, Жасыл қаржы орталығының және т.б. қызметі таныстырылды.
АХҚО-ның бюджеттік өтінімі жыл сайын қысқаруда, ал Орталық органдары мен олардың ұйымдары, сондай-ақ АХҚО қатысушылары төлейтін салықтардың көлемі өсуде. Осылайша, 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Орталық органдары мен олардың ұйымдарынан, сондай-ақ АХҚО қатысушыларынан мемлекеттік қазынаға түсетін салықтардың көлемі 17 млрд.теңгеден асты. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд. теңгеге жетеді және тиісінше АХҚО-ға соңғы екі жылда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемін жабады деп күтілуде.
Сапар қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басшылығы АХҚО қызметіне жоғары баға берді, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкестіктің маңыздылығын атап өтті.
Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі