Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Тіл шебері» республикалық байқауында жүлдегер атанды

Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері  мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Тіл шебері» республикалық байқауында жүлдегер атанды

2022 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері» республикалық байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Аталған байқауға орталық мемлекеттік органдардан 14 топ қатысты. Конкурс үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілде өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар Қазақстан тарихы және оның көрнекті тұлғалары, Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлері, маңызды даталар және т.б. туралы қойылған сұраққа үш тілде жауап берді. Екінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінде экранда ұсынылған жағдаяттан (кейс) шығу жолдарын баяндап бақ сынасты. Үшінші шешуші кезеңде топ капитандары мемлекеттік тілде ұсынылған ортақ тақырыпта қызметтік жазба жобасын жазып жарысты.

Жалпы «Тіл шебері» республикалық байқауының басты мақсаты – үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілердің пулын құру, оларды қолдау, насихаттау, мәртебесін көтеру.

Конкурс жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі