Тәуелсіздік күніне орай Жоғары аудиторлық палатада марапаттау рәсімі өтті

Тәуелсіздік күніне орай Жоғары аудиторлық палатада   марапаттау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы Наталья Годунова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтады. «Біз елімізде өтіп жатқан барлық оқиғалардың куәгерлері ғана емес, сонымен қатар қуатты әрі тәуелсіз Қазақстанның болашағына белсенді үлес қосудамыз. Еліміздің  әл-ауқаты мен өркендеуі – әрқайсымыздың жұмыс істей алуымызға, қойылған міндеттердің жаңа шешімдерін тез табуға, ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты», – деп   атап өтті жоғары аудит органының басшысы.

Іс-шара аясында қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табысталды. Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері қатарында «Құрмет» орденімен - Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Юлия Энгель, «Ерен еңбегі үшін» медалімен сектор меңгерушісі-мемлекеттік аудитор Қайырбек Әлімбаев, Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті директорының орынбасары-мемлекеттік аудитор Әнуарбек Қари марапатталды. Бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградаларға ие болды.  Оларға «Қаржы сақшысы» медалі, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың құрметті қызметкері» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.

Бұдан басқа, Тәуелсіздік күніне арналған Жоғары аудиторлық палата Төрағасының Кубогы турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, армрестлинг және гір көтеру бойынша үздік атағына Жоғары аудиторлық палатаның 80-нен астам жұмыскері қатысты.

Бірінші орын алғаны үшін Жоғары аудиторлық палата Төрағасының кубогымен үстел теннисі бойынша Дәулет Қарымсақов, бильярд бойынша Арман Құсайынов, шахмат бойынша Аружан Бияхмет, дойбы бойынша Серік Есенбаев, гір спорты бойынша Дәурен Ищанов, армрестлинг бойынша Әлібек Сүлейменов марапатталды. Сондай-ақ, екінші және үшінші орын алған және жарысқа белсенді қатысқан бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Өткізілген турнир дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасауға, ұжымның корпоративтік рухы мен ұйымшылдығын қалыптастыруға деген ұмтылыстың жарқын үлгісі болды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі