Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды

Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды

Назначены члены Высшей аудиторской палаты

Парламент депутаттарының дауыс беруі бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері лауазымдарына келесі тұлғалар тағайындалды:

Ахметов Рашит Сайранұлы  

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

 

1959 жылы 7 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңа Қазан ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1982 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Вагон жасау және вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және құқық институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.   

Еңбек жолын 1982 жылы вагон депосының шебері болып бастаған (Орал қ.).

1982 жылғы тамыз - 1984 жылғы маусым аралығында Кеңес әскерлері қатарында қызмет етті.

1984 жылғы қыркүйек - 1989 жылғы сәуір аралығында Орал қ. вагон депосында аға шебері, бас механик, бастықтың орынбасары.

1989 жылғы сәуір - 1991 жылғы қараша аралығында Орал қ. теміржол торабы парткомы хатшысының орынбасары.

1991 жылғы қараша  - 1994 жылғы ақпан аралығында Орал механикалық зауытында бас брокер, коммерциялық орталықтың бастығы, директордың орынбасары.

1994 жылғы ақпан - 1999 жылғы желтоқсан аралығында «Нұржанар» ААҚ-ның президенті.

1999 жылғы қыркүйек - 2017 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі, хатшысы, төрағасы.

Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының 2017 жылғы 29 маусымдағы                               № 204-VI  ПС қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

«Құрмет» (2006 ж.) және «Парасат» (2014 ж.) ордендерімен, ТМД ПAА кеңесінің Құрмет грамотасымен (2010 ж.) және мерекелік  медальдармен марапатталған.

 

Бортник Михаил Михайлович

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

 

1960 жылы 3 мамырда  Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Суворов ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1982 жылы Павлодар индустриалдық институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Шевченко қаласындағы пластмасс зауытының жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін жөндеуші шебер болып бастаған.

1985 жылғы қараша - 1986 жылғы қазан аралығында Шевченко қаласы, пластмасс зауытының комсомол комитетінің хатшысы.

1986 жылғы қазан - 1989 жылғы шілде аралығында Қазақстан ЛКЖО Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1989 жылғы маусым - 1993 жылғы тамыз аралығында пластмасс зауытының жылумен жабдықтау учаскесінің бастығы.

1993 жылғы тамыз - 1998 жылғы наурыз аралығында Ақтау қаласы пластмасс зауытының (АКПО АҚ) бас энергетигінің орынбасары.

1998 жылғы наурыз - 1999 жылғы наурыз аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

1999 жылғы наурыз - 2008 жылғы желтоқсан аралығында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2008 жылғы желтоқсан - 2011 жылғы желтоқсан аралығында төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық және өңірлік саясат жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

2011 жылғы желтоқсан - 2012 жылғы қантар аралығында төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

2012 жылғы қантар - 2014 жылғы мамыр аралығында бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

2014 жылғы мамыр - 2020 жылғы тамыз аралығында бесінші және алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 1252-VI ПМ қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

«Құрмет» (2007 ж.),  «Парасат» (2014 ж.), ТМД ПАА «Достастық» (2015 ж.) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.

 

Нұржанов Нұрлан Амангелдіұлы

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

 

1975 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында туған. Үйленген, екі баласы бар. 

2000 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

1992 жылғы қараша - 1993жылғы мамыр аралығында «Шымкентмелиорация»23-ЖМК қызметкері.

1997 жылғы ақпан - 1998 жылғы маусым аралығында Шымкент қаласы бойынша Қаржы бөлімінің жетекші маманы.

1998 жылғы маусым - 2004 жылғы наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы департаментінің бас маманы, бөлім бастығы. 

2004 жылғы наурыз - 2008 жылғы қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы бойынша Қаржы бөлімінің бастығы.

2008 жылғы қаңтар - 2008 жылғы шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі бөлімінің бастығы.

2008 жылғы шілде - 2009 жылғы мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 

2009 жылғы мамыр - 2013 жылғы қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.

2013 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы маусым аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2016 жылғы 23 маусымдағы  № 14-VI  ПС қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 116-VII ПС қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қайта тағайындалды

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

 

Нұрпейісов Рүстем Еслямбекұлы

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

 

1971 жылы 15 қазанда Көкшетау облысы, Көкшетау ауданының Қарлыкөл ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.

Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, бірқатар халықаралық сертификаттары (СІPFA Publіc Auditor, Ұлыбритания; JICA, Жапония) бар.

Еңбек жолын 1988 жылы комсомол ұйымында бастады.

1992 жылғы қаңтар - 1994 жылғы тамыз аралығында Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы «Авангард» совхозы директорының орынбасары.

1994 жылғы тамыз - 1997 жылғы ақпан аралығында Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы Салық инспекциясының маманы.

1997 жылғы ақпан - шілде аралығында – Көкшетау облысы Уәлиханов аудандық қаржы бөлімінің маманы, жетекші маманы.

1997 жылғы тамыз - 1999 жылғы шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Зеренді аудандық қаржы бөлімінің маманы.

1999 жылғы шілде - 2002 жылғы шілде аралығында Ақмола облыстық қаржы басқармасының бас маманы.

2002 жылғы тамыз - 2015 жылғы қаңтар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік бақылаушы-консультанты, бас сарапшы-бас мемлекеттік бақылаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қаңтар - 2016 жылғы қаңтар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Экономиканың дамуын мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылғы қаңтар - 2016 жылғы желтоқсан аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Экономиканың дамуына мемлекеттік аудит жүргізу бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылғы желтоқсан - 2017 жылғы шілде аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Әдіснама және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.

2017 жылғы шілде - 2017 жылғы тамыз аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі  алдын ала бағалау секторының меңгерушісі.

2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры.

2018 жылғы маусым - 2018 жылғы шілде аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Мемлекеттік аудит бөлімі басшысының орынбасары-мемлекеттік аудитор.

2018 жылғы тамыз - 2021 жылғы маусым аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 155-VII  ПМ  қаулысымен Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2020 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

 

Рахимов Расул Нұрланұлы

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

 

1978 жылы 29 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2004 жылы Бранденбург техникалық университетін, 2006 жылы Оксфорд университетін бітірген.

Үйленген, екі баласы бар.

Еңбек жолын 2000 жылы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да бериллий өндірісінің 4-разрядты аппаратшысы болып бастаған. Кейіннен осы ұйымда бериллий өндірісі технологиялық бюросының инженері, бериллий өндірісі маркетингінің менеджері лауазымдарында жұмыс істеді.

2006 жылғы қарашадан бастап - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Стратегиялық даму және инновациялық қызмет орталығының директоры.

2007 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті - Хатшылығының кеңесшісі.

2007 жылғы қыркүйектен бастап - Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық саясатты үйлестіру басқармасының бастығы.

2008 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты.

2009 жылғы қыркүйектен бастап - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры.

2012 жылғы қыркүйектен бастап - БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) Тұрақты даму департаментінің басшысы, бағдарламалық талдаушы және портфельді менеджер.

2018 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының бәсекеге қабілеттілікті талдау секторының меңгерушісі.

2018 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 147-VII ПС қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

Наградалары: Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2020 ж.),  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының алғысы (2020 ж.), БҰҰДБ-ның «Outstanding Achievement Award» наградасы (2017 ж.).

Энгель Юлия Федоровна

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

 

1982 жылы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл  қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Астана қ., 2003 ж.), Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жанындағы магистратураны (Астана қ., 2005 ж.), Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы гуманитарлық академияны (Мәскеу қ., 2007 ж.) бітірген.

Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификаты бар (CIPFA Public Auditoр, Ұлыбритания).

Еңбек жолын 2000 жылдан жеке ұйымдарда заңгер көмекшісі, заңгер, бас заңгер болып бастаған.

2005 жылғы сәуір - 2008 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ЖАҚ-да (Астана қ.) кіші ғылыми қызметкер, азаматтық, азаматтық іс жүргізу және заңнаманың өзге де аралас салалары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі сектор меңгерушісі, Заң жобалары жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2008 жылғы ақпан - 2009 жылғы сәуір аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК Құқықтық қамтамасыз ету және кадр қызметі бөлімінің заң консультанты, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы.

2009 жылғы сәуір - 2016 жылғы маусым аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Заң бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік-қаржы бөлімінің, Заң бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы тамыз - 2021 маусым аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің (басшысы) меңгерушісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2021 жылғы 16 маусымдағы  № 156-VII ПМ қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

  

*Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы дербес Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.