Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Тілеген Төлегенұлы Каскин, Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері болып тағайындалды.
Тілеген Төлегенұлы Каскин, 1972 жылы туған, Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы «Игілікбанк» Соколов филиалында маман болып бастады. 1995-1998 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының Экономика комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2000-2001 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы. 2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы. 2004-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, әкімнің орынбасары қызметтерін атқарған.
2010-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінің Тәртіптік кеңесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев – еңбек жолын 1993 жылы «Қазагропромбанк» АҚ Торғай филиалында маман болып бастаған.
1994 жылғы қаңтар - 1996 жылғы наурыз аралығында –«Қазагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының аға экономисі, экономисі.
1996 жылғы сәуір - 1996 жылғы қыркүйек аралығында – «Қазагропромбанк» Торғай облыстық филиалының информатика бөлімінің бас инженер-бағдарламашысы.
1996 жылғы қыркүйек - 1997 жылғы ақпан аралығында – «Қазагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының басқарушысы.
1997 жылғы сәуір - 2003 жылғы ақпан аралығында – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, басқарма бастығы, бөлім бастығы.
2003 жылғы ақпан - 2004 жылғы қазан аралығында – қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.
2004 жылғы қараша - 2005 жылғы тамыз аралығында – «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінің бөлім бастығы, Алматы қ.
2005 жылғы қыркүйек - 2007 жылғы шілде аралығында – Семей қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
2007 жылғы тамыз - 2009 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
2009 жылғы мамыр - 2010 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Мамандандырылған басқармасының бастығы.
2010 жылғы сәуір - 2012 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары.
2012 жылғы қараша - 2016 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2016 жылғы желтоқсан - 2018 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2018 жылғы қазан - 2019 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2018 жылдың ақпан айынан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2014), 2-дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, «ЕАТ-тың (Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ) 10 жылдығы» медалімен, ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі