Есеп комитеті жан басына шаққандағы қаржыландыруға байланысты шараларды іске асырудың, сондай-ақ орта білім беруде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың тиімділігіне аудит жүргізуде

Есеп комитеті жан басына шаққандағы қаржыландыруға байланысты шараларды іске асырудың, сондай-ақ орта білім беруде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың тиімділігіне аудит жүргізуде

Қазіргі уақытта Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жан басына шаққандағы қаржыландыруға байланысты шараларды іске асырудың, сондай-ақ орта білім беруде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың тиімділігіне аудит жүргізуде.

Аудитпен ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ, Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері қамтылған.

Аталған аудит объектілерімен өзара қарым-қатынас шеңберінде республиканың жекелеген өңірлерінің жекеменшік білім беру ұйымдары (мектептер) да тексеріледі.

Аудиттің негізгі міндеті – жекеменшік мектептерде орта білім берудің мемлекеттік тапсырысын қаржыландыруға байланысты білім беру саласындағы уәкілетті органдар іске асыратын шаралардың тиімділігін бағалау (жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру).

Жүйелік проблемаларға ерекше назар аударылады, оларды жою білім беру сапасын арттыруға және мемлекеттік қолдаудың тең жағдайларын жасауға ықпал етеді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысын шығару 2023 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланып отыр.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі