Жоғары аудит органының қызметкерлері Project Management Professional жобаларын басқару саласында сертификаттау курсынан өтті

Жоғары аудит органының қызметкерлері Project Management Professional жобаларын басқару саласында сертификаттау курсынан өтті

Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 14-18 қараша аралығында Жоғары аудит органының қызметкерлері «Project Management Professional (PMP)» жобаларын басқару саласында сертификаттау курсынан өтті.

Оқыту барысында PMP жобалық басқарудың қағидаттары мен процестері ұсынылды, сондай-ақ оның жекелеген құралдары мен әдістерін аудиторлық қызметте практикалық қолдану дағдылары берілді.

Келесі кезең – PMBoK (Project management body of Knowledge) жобаларды басқару бойынша білім жиынтығына негізделген Жобаларды басқару институты (PMI) беретін сертификат алу емтиханынан өту.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі