INTOSAI XXIV дүниежүзілік конгресінің қорытындылары туралы

INTOSAI XXIV дүниежүзілік конгресінің қорытындылары туралы

2022 жылғы 11 қарашада Рио-де-Жанейрода Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының конгресі аяқталды, оған ИНТОСАИ-ға мүше – ЖАО, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардың 700-ден астам өкілі қатысты.

Конгресс шеңберінде мынадай негізгі шешімдер қабылданды:

- ИНТОСАИ-дың 2023-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілді;

- 2023-2025 жылдарға арналған ИНТОСАИ бюджеті бекітілді;

- ИНТОСАИ комитеттерінің Жарғысы мен басшылығы жаңартылды;

- ИНТОСАИ қызметінің 2017-2022 жылдардағы нәтижелері туралы есеп қабылданды;

- ИНТОСАИ аудиторлары тағайындалды: Ямайка мен Эквадордың ЖАО;

- ИНТОСАИ кәсіби стандарттар комитетінің төрағалығы Еуропалық есеп палатасына берілді;

- келесі конгресті 2025 жылы Египетте өткізу туралы шешім қабылданды. 

Осы іс-шараның қорытындысы бойынша Бразилия декларациясы қабылданды, ол бүкіл әлемнің жоғары аудит органдары үшін алдағы жылдарға арналған негізгі күн тәртібіне айналады.

 Декларацияның негізінде Конгресстің екі негізгі тақырыбы – «Қоғамдық апаттар кезіндегі жоғары аудит органдарының жұмысы туралы» және «Жаһан үні, жаһандық нәтижелер және ауқымды салдарлар» бойынша пікірталастардың нәтижелері жатыр.

Сонымен қатар, IDI Басқарма отырыстары және ИНТОСАИ коммуникациялар жөніндегі нысаналы топтың бірінші отырысы өтті.

Сондай-ақ, Есеп комитетінің делегациясы ИНТОСАИ конгресі шеңберінде Швеция, Қытай, Бельгия және Пәкістан ЖАО делегаттарымен ЕВРОСАИ, АЗОСАИ және ЭКОСАИ шеңберінде мемлекеттік аудиттің әлеуетін арттыру мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін өткізді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі