Қазақстанның Есеп комитеті мен Бразилияның Федералды шоттар соты екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның Есеп комитеті мен Бразилияның Федералды шоттар соты екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мен Бразилияның Федералды шоттар соты Мемлекеттік аудит саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты – ИНТОСАИ шеңберінде тиімділік аудиті және қаржылық аудит саласында екі ел арасындағы  өзара іс-қимылды дамыту. Жасалған келісімге сәйкес тараптар бірлескен іс-шаралар жүзеге асыруды, оқу бағдарламаларын өткізуді, қаржылық аудит пен тиімділік аудитінің өзекті тақырыптары бойынша семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруды жоспарлайды.

Әңгіме барысында Наталья Годунова Бразилия Федералды шоттар сотының Президенті Бруно Дантасты ИНТОСАИ-дың Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша, оның ішінде ИНТОСАИ халықаралық қоғамдастығы шеңберіндегі Жоғары аудит органдары қызметінің мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға дайын екендігін растады.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою қорытындысы бойынша тараптар жылы лебіздермен алмасып, одан әрі табысты кәсіби ынтымақтастыққа сенім білдірді. 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі