
Рио-де-Жанейрода INTOSAI XXIV Конгресінің жұмысы жалғасуда. Есеп комитетінің делегациясы «Жоғары аудит органдарының қоғамдық апаттар жағдайындағы жұмысы туралы» және «Жаһандық дауыс, жаһандық нәтижелер және ауқымды салдарлар» тақырыптарын талқылауға қатысуда.
Сондай-ақ, IDI (INTOSAI даму бастамасы), CIPFA (Мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп чартерлік институты), ASOSAI (Жоғары аудит органдарының азиялық ұйымы), IMF (Халықаралық валюта қоры) және Еуропалық сот басшылығымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша келіссөздер жүргізілді.