
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан INTOSAI халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының XXIV конгресі шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың БАӘ Жоғары аудит органының (ЖАО) Президенті Хариб Әл-Амими мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында БАӘ ЖАО басшысы қаржылық аудит жүйесін құрудағы және алаяқтық фактілерін анықтаудағы тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу нәтижесінде тараптар одан әрі ынтымақтастық және ат аудиті және ақпараттық жүйелер (data analysis) саласындағы қолданыстағы жүйенің, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы саласындағы тәжірибемен алмасу, аудит саласындағы лекторлармен және әдіснамамен алмасу туралы уағдаласты.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі