Есеп комитеті Төрайымы мен Малайзия Бас аудиторының кездесуі өтті

Есеп комитеті Төрайымы мен Малайзия Бас аудиторының кездесуі өтті

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан INTOSAI жоғары аудит органдары халықаралық ұйымының XXIV конгресі шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова мен Малайзияның Бас аудиторы Дато Азман Ник Абдул Мажид мырзаның кездесуі өтті.

Кездесу барысында Наталья Годунова Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға қайта құру және ұйымның функционалын кеңейту процесінде ИНТОСАИ, АЗОСАИ-дың белсенді мүшесі және ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік аудитті сәтті жүзеге асыратын институт ретінде Малайзияның жоғары аудит органының (ЖАО) тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Малайзияның ЖАО Есеп комитетінің өзара тәжірибе алмасу және лектор ретінде жоғары білікті сарапшыларды тарта отырып, АТ-аудиті саласында мемлекеттік аудиторлар арналған тренингтер өткізу туралы ұсынысын қолдады.

Сонымен бірге, екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы халықаралық қатынастарды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі