Түркістан облысының әкімдігі «Арман» тұрғын үй кешеніндегі 184 пәтерлік 5 тұрғын үйді коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтады

Түркістан облысының әкімдігі «Арман» тұрғын үй кешеніндегі 184 пәтерлік 5 тұрғын үйді коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтады

2021 жылғы қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Түркістан облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Түркістан облысы әкімдігінің қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлер мен аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін белгіленген санитарлық нормаларға сай келмейтін, яғни пайдалануға дайын емес 184 пәтер сатып алғаны анықталды.

Осыған байланысты Түркістан облысының әкіміне «Арман» тұрғын үй кешеніндегі 184 пәтерге арналған 5 тұрғын үйді коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің нұсқамасын орындау үшін 5 тұрғын үйді сыртқы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды, 160 пәтерге аз қамтылған және көп балалы отбасылар, 24 пәтерге мемлекеттік қызметшілер қоныстанды.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі