Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламенттің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері, «Nur Otan» партиясының өкілдері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.
Кеңейтілген отырыс барысында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова елдің жоғары мемлекеттік аудит органының 2019 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы баяндады.
«Есеп комитеті әлемдік үздік тәжірибе үлгісі бойынша халықаралық стандарттарға көшуді қамтамасыз ету үшін трансформацияның белсенді фазасында тұр. мұндай міндет біздің алдымызға Елбасы мен Қазақстан Республикасының Президенті қойған. Қазір ISSA 87 стандарттарының 85-і енгізілді. Биылғы жылы есеп комитеті өз жұмысын аяқтайды».
«Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін мемлекеттік аудитпен қамту 6 еседен астам ұлғайды. Алғаш рет Ұлттық қорды, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру және басқару бойынша аудиттер кешені жүргізілді. Соңғы тексеруі 10 жыл бұрын жүзеге асырылған Ұлттық Банктің қызметі аудитке ұшырады. Барлық түйінді көрсеткіштер орындалды. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне баса назар аудару осындай бұзушылықтарды анықтау көлемінің 10 есе өсуіне әкеп соқты». Парламентпен және Үкіметпен бірлесіп атқарылған жұмыс бюджеттік тәртіпті айтарлықтай нығайтуға және қаржылық бұзушылықтарды тіпті 4 есеге азайтуға мүмкіндік берді, деп мәлімдеді Есеп комитетінің Төрайымы. Сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу тәжірибесі (аудит объектісіне шықпастан) кеңейтілді. Бұл электрондық аудитке көшу үшін әдіснамалық іргетасты қалауға және кәсіби тәжірибені жинақтауға ықпал етеді. Сараптамалық-талдау іс-шаралар көлемінің артуы Үкімет пен аудит объектілеріне заңнаманы және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған ұсынымдардың 38%-ке өсуіне әкеп соқты», - деп атап өтті Наталья Годунова.
Есеп комитеті Төрайымының баяндамасында мемлекеттік аудит жүйесінде адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылды. Есепті жылы 250 тыңдаушы біліктілігін арттырды, 81 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. Мемлекеттік аудиторлардың жоғары білікті корпусын қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап халықаралық біліктілігі бар Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларының жалақылары көтерілгені атап өтілді. Барлық жүйедегі аудиторлардың жалақыларын көтеру жұмыстары жалғасуда. «Ағымдағы жылы Президент Әкімшілігінің Үкіметке және Есеп комитетіне берген аудиторларды мемлекеттік қызметшілердің жеке санатына шығару туралы шаралар қабылдау (біліктілік талаптарын, жауапкершілігін, қызметке кіру мен өткерудің ерекше тәртібін арттыру және т.б.) бойынша тапсырмасын орындау міндеті тұр. Жұмыс қарқынды түрде жүре бастайды, - деді Наталья Годунова.
Сондай-ақ, кеңейтілген отырыс барысында тексеру комиссияларының әдіснамалық үйлестіру мәселелері де көтерілді. Наталья Годунова Есеп комитеті жұмысының екі жаңа бағытын іске асыруға: шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитіне және мемлекеттік органдардың «мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша қызметін жыл сайынғы бағалауға толығырақ тоқталды. Аппарат алдына тиісті міндеттер қойылды және оларды сапалы іске асыруға кедергі келтіретін тәуекелдер белгіленді (Кадрлық күшейтудің болмауы, ІМАҚ-тың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне аудитпен төмен қамтылуы (50%-тен кем).
Наталья Годунова өз сөзінде Есеп комитеті жұмысының транспаренттілігіне ерекше назар аударды. Сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері толық көлемде Есеп комитетінің интернет-ресурсында 2016 жылдан бастап, аудиттердің нәтижелері - 2019 жылғы желтоқсаннан бастап орналастырылғаны атап өтілді. Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органы қызметінің ашықтығы мен жариялылығын кеңейту міндеті қойылды. «Интеграцияланған ақпараттық жүйені құру – Есеп комитетінің ғана емес, сонымен бірге барлық Үкіметтің де маңызды міндеті, мұны Елбасы да, Мемлекет басшысы да белгілеп берді. Бұл жұмыс үнемі әрі мақсатты түрде жүргізіледі және ҚР Премьер-Министрінің жеке бақылауында. Үкіметтің (Есеп комитетінің емес) бірыңғай платформасында әртүрлі уақытта құрылған мемлекеттік органдардың әртүрлі жүйелері мен дерекқорларын жинау қажеттігі туындап отыр. Бұл үшін әрбір министрліктің немесе комитеттің ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі тиіс. Тек осыдан кейін ғана біз қандай да бір мемлекеттік органдармен интеграция туралы айта аламыз. Есеп комитетінің өзіне келетін болсақ, біздің жүйе 2015 жылы ресми түрде өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген. Осы сәттен бастап біз басқа ведомстволармен бірігуге дайынбыз. Осы уақыт ішінде біз басқа мемлекеттік органдардың 7 ақпараттық жүйесімен, оның ішінде Ұлттық экономика («Талдау» АЖ), қаржы («е-Қаржымині» жеке модульдері, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі («ЭҚАБЖ» АЖ) министрліктерімен, Президент Іс басқармасымен («СКУД» АЖ), Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен («е-Қызмет» АЖ) және тексеру комиссияларының 2 жүйесі) интеграцияладық. Бірақ электрондық аудитке көшу үшін бұл жеткіліксіз. Мен тағы 15 ақпараттық жүйемен интеграциялау міндетін қойып отырмын. Алайда, осы міндетті іске асыру мерзімі тұтастай және толық басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайындығына байланысты. Жалпы, ЕК ИАЖ жаңғырту жұмысын 2021 жылдың басында аяқтау жоспарланып отыр, оның қорытындысы бойынша жүйе барлық мемлекеттік аудит органдарына жұмыс істеу үшін қолжетімді болады, қажетті ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді және жеделдетеді. Сондай-ақ, осы жүйені енгізу шеңберінде деректерді алу, өңдеу және талдау үшін уақытты оңтайландыру есебінен аудиторлардың объектілерде болуы қысқарады, жекелеген жағдайларда ол нөлге теңестіріледі. «Жүйені енгізу-мүдделі жұртшылық үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы. Жүйе аудиторлық іс-шара барысында және қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған аудит қорытындыларының және қабылданатын қаржылық бақылау шараларының жариялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Наталья Годунова.
Есеп комитеті Төрайымының баяндамасы аясында алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді. Бұл Есеп комитетінің 2020-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдау, 24 аудиторлық іс-шара өткізу, 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытынды қалыптастыру, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қорытынды дайындау. Сондай-ақ Есеп комитеті мемлекеттік аудит жөніндегі конференцияны және ЭКОСАИ Басқарма кеңесін ұйымдастыру міндеті тұр. АЗОСАИ-дың қоршаған орта аудиті жөніндегі, ЕВРОСАИ-дың экологиялық аудит жөніндегі және апаттар салдарын болдырмау мен жоюға бөлінетін қаражаттың аудиті жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарына қатысады.
«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС директоры - Мағбат Спанов өз сөзінде Орталықтың өткен жылғы қызметінің негізгі қорытындыларын шығарды және Есеп комитетінің басшылығы қойған міндеттерді ескере отырып, алдағы кезеңге арналған даму перспективаларын айқындады. Негізгі идея Есеп комитетінің қызметі үшін әдіснамалық және ғылыми база құруға қатысатын «think tank» «ми орталығы» сияқты орталықты қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев өз сөзінде тексеру комиссиясының 2019 жылғы аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. «Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2019 жылы жалпы қамтылған сомасы 272 776,3 млн. теңгеге 64 объектінің 16 аудиторлық және 3 сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары шығарылды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 64 878,6 млн.теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражат көлеміне 23,8% құрады. Сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 1 105 бірлік және 405 бірлік жүйелі бұзушылық анықталды. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының: – өтелуге - 587,5 млн.теңге (өтелді – 142,1 млн. теңге немесе 24,2% оның ішінде мемлекеттік бюджетке ақшалай нысанда – 131,1 млн. теңге); – қалпына келтіруге - 12 061,6 млн. теңге (9 504,6 млн. теңге немесе 78,8% қалпына келтірілді) жатады. Отырыстардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне және мүдделі адамдарға 68 ұсыным мен 256 тапсырма жіберілді, оның ішінде қазіргі уақытта орындалу мерзімі басталған – 30 (100%) ұсыным мен 183 (100,0%) тапсырма бақылаудан алынды.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 11 материал жіберілді. Уәкілетті органға және сотқа әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін 87 материал жіберілді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 87 лауазымды адамға жалпы сомасы 8,2 млн.теңгеге айыппұл салынды», - деп атап өтті ол.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі