Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрайымының «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС ұжымымен кездесуі өтті.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрайымының «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС ұжымымен кездесуі өтті.

2020 жылғы 12 ақпанда Есеп комитеті басшылығының «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Орталық) ұжымымен кездесуі өтіп, онда Орталықтың міндеттері мен даму перспективалары айқындалды. Орталық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 935 қаулысына сәйкес «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» ШЖҚ РМК-ні қайта құру жолымен құрылды.

Сонымен қатар, кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, Орталықтың Қадағалаушы кеңесінің мүшесі Расул Рахимов қатысты.

Есеп комитетінің басшылығымен кездесу барысында ИНТОСАИ стандарттарына көшу процесін әдіснамалық және талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және мемлекеттік аудиторлардың білімін растау жүйесін жетілдіру бойынша міндеттер айқындалды.

 «Ұжымның қызметі нәтижеге, сапаға, тиімділікке бағдарланып, мемлекет басшылығы Орталықтың алдына қойған міндеттерді орындауды көздеуі тиіс», - деп атап өтті Наталья Годунова өз сөзінде.

Расул Рахимов өз сөзінде ағымдағы жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау әдістемесі пилоттық режимде, соның ішінде жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік пікіртерімдер есепке алына отырып жүзеге асырылатынын атап өтті.

Өз кезегінде, Орталықтың директоры Мағбат Спанов Есеп комитетінің басшылығын Орталықтың ұжымы қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға кәсіби тұрғыдан қарайтындығына сендірді.

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі