Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде Есеп комитеті мен Азия Даму Банкінің кездесуі өтті

Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде Есеп комитеті мен Азия Даму Банкінің кездесуі өтті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мен Азия Даму Банкінің (АДБ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековтің кездесуі өтті, оның барысында Білім мен тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Наталья Годунова АДБ-ның кадрлар біліктілігі бөлігінде Есеп комитетінің әлеуетін арттырудағы және мемлекеттік аудит әдіснамасы саласындағы халықаралық сарапшылардың зерттеу жұмыстарын жүргізудегі рөлін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар 2023 жылға арналған «Жоғары аудит органдарының аудит жүргізу практикаларын зерттеу және Есеп комитеті қызметкерлерінің әлеуетін арттыру» жобасын іске асыруды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен бағдарлама шеңберінде сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі