Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Ә.С. Бергеневтің өкілеттік мерзімінің аяқталуы туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Ә.С. Бергеневтің өкілеттік мерзімінің аяқталуы туралы

Бүгін, 2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 538 Жарлығымен тағайындалған Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Ә.С. Бергеневтің өкілеттік мерзімі аяқталды.

Анықтама ретінде:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44, 57-баптарына сәйкес:

- Жоғары аудиторлық палатаның (Есеп комитетінің) төрағасы мен екі мүшесі Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жыл мерзімге тағайындалады;

- Жоғары аудиторлық Палатаның (Есеп комитетінің) үш мүшесі Парламент Сенатының шешімімен 5 жыл мерзімге тағайындалады;

- Жоғары аудиторлық Палатаның (Есеп комитетінің) үш мүшесі Парламент Мәжілісінің шешімімен 5 жыл мерзімге тағайындалады.