Есеп комитетінде Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кеңес өтті

Есеп комитетінде Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кеңес өтті

А. ж. 2 қыркүйекте Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген негізгі міндеттерді түсіндіру бойынша кеңес өтті.

Есеп комитетінің төрайымы Н.Н. Годунова белгіленген реформалардың нақты бағыттары мен олардың негізгі бағдарлары мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта жүктеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Есеп комитеті Мемлекет басшысының  Жолдауында айтылған бастамаларды іске асыру үшін барлық күш-жігері мен ресурстарын жұмсауға дайын.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі