Есеп комитетінде мемлекеттік тілді үйрету бағытындағы ІТ-өнімдердің таныстырылымы өтті

Есеп комитетінде мемлекеттік тілді үйрету бағытындағы ІТ-өнімдердің таныстырылымы өтті

2022 жылғы 24 тамызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан   Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді үйрету бағытындағы ІТ-өнімдердің («Tilqural.kz», «Balatili.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Termincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Qujat.kz», «Atau.kz», «Qazlatyn.kz») таныстырылымы өтті.

Іс-шараның мақсаты – аталған IT-өнімдерді мемлекеттік орган басшылығы мен қызметкерлеріне жұмыс барысында қолдану үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі