Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі өзектендірілді

Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі өзектендірілді

2020 жылғы қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жалпы сипаттағы трансферттерді және республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалануды жоспарлаудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобиль қатынастарының тізбесі өзекті емес екені анықталды.

Осыған байланысты, Қарағанды облысының әкіміне қолданыстағы тізбелерді өзектендіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

"Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі №84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы №207 шешімімен Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобиль қатынастарының тізбесі өзектендірілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі