Есеп комитетінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының жеке секторына өз бастамашылығымен сенбілікке шықты

Есеп комитетінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы  Есіл ауданының жеке секторына өз бастамашылығымен сенбілікке шықты

Бүгін елорданың коммуналдық қызметтеріне қар тазалауға көмек көрсету, ел Президентінің шақыруы бойынша #Біргеміз челленджін қолдау мақсатында, Есеп комитетінің қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы  Есіл ауданының жеке секторына өз бастамашылығымен сенбілікке шықты. Аудан әкімдігі қардан тазалау үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жалғыз басты зейнеткерлер үйлерінің аумағын беріп, біздің акциямыз Заречный кентінің Қаратөбе көшесі мекенжайында өтті.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жыл еріктілер жылы болып жарияланғаны белгілі. Сонымен қатар, өзінің электоралдық науқаны кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев «Бірге» жалпыұлттық акциясын өткізу туралы мәлімдеді, оның жалғасы #BizBirgemiz волонтерлік акциялары болды. Жарқын мысал – Арыс  қаласын қалпына келтіруге және оның тұрғындарына бүкілхалықтық көмек көрсету.

 

Сондай-ақ, кеше қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бастаған Нұр-Сұлтан қаласын  қардан тазалау бойынша астаналық челленджге Мемлекет басшысы қолдау білдірді. Осындай акциялар бізді қайырымды іс-әрекеттер жасауға біріктіреді, ізгілікке үйретеді.

    

Есеп комитетінің баспасөз қызметі