Есеп комитеті қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі заңды күшіне енгеннен кейін шағымданатын болады

Есеп комитеті қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі заңды күшіне енгеннен кейін шағымданатын болады

Есеп комитеті 2022 жылдың бірінші тоқсанында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына аралық бағалауды жүргізді.

Аталған аудит барысында бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, соның ішінде тек «Зерде» холдингі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қызметінде - 98,1 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар және 34 рәсімдік шешімдер.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Есеп комитеті «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ға (2) және «ҰАТ» АҚ-ға (6) қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген қызметкерлердің жауапкершілігін қарау, мемлекет активтерінің басқарылу және пайдаланылу тиімділігін арттыру, сондай-ақ қаражатты бюджетке өтеу және барлық белгіленген кемшіліктерді жою жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Бүгінгі күні жекелеген тапсырмалар орындалып қойды, ал қалғандарының орындалу мерзімі әлі келген жоқ.

Сонымен қатар, «ҰАТ» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына бюджетке 38,2 млн. теңгені өтеу бөлігінде бір бұзушылық фактісін даулау бойынша талап қоюды берді.

2022 жылғы 5 шілдеде өткен сот отырысында «ҰАТ» АҚ-ның талап қою талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы шешімнің қарар бөлігі жария етілді.

Бұл ретте Сот Аудиторлық қорытындыны даулау жөніндегі талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.

Аталған сот шешімі заңды күшіне енбегенін және Есеп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен шағымданатынын атап өту керек.