
2021 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне жұмысты қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында Атырау қаласының құрылыс бөлімі "МОДЕРН" тұрғын үй кешенінің құрылысы" объектісі бойынша 52 061,9 мың теңге сомасына жұмыстар орындады.
Жылыой ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 10 943,6 мың теңге сомасына жұмыстар орындады.
1299,6 млн. теңге мөлшеріндегі қалған сома бақылауда тұр.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі