Шығыс-Қазақстан облысында Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының іске асырылуына жүргізілген аудиттің қорытындылары бойынша Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау туралы

Шығыс-Қазақстан облысында Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының іске асырылуына жүргізілген аудиттің қорытындылары бойынша Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау туралы

2016 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Шығыс Қазақстан облысында "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру шеңберінде бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті тіркемеу фактілері анықталды.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының әкіміне салынған объектілердің меншік құқығын тіркеу және пайдаланушы ұйымдарға беру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі "ШҚО Үржар ауданы Көкөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 51 км "Бәтуә" ЖШС өндірістік базасында ВЛ-35 кВ салу және 35/10 кВ ҚС орнату" объектісі бойынша меншік құқықтарын тіркеу және сенімгерлік басқару шарты бойынша "Muhit-AGRO" ЖШС пайдаланушы ұйымына беру рәсімдерін өткізді

Есеп комитетінің баспасөз қызметі