Атырау облысының әкімдігі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

Атырау облысының әкімдігі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

2021 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында құрылыс және медициналық қызмет саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне сомасы 10 035,9 млн теңгеге анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіру және өтеу шараларын қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында бүгінгі таңда 8 666,2 миллион теңге қалпына келтіріліп, 7,1 миллион теңге өтелді, қалған 1 362,6 миллион теңге бақылауда қалды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі