
Анкара қаласында Есеп комитетінің өкілдері Түркияның Есеп сотының 160 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.
Іс-шараға Әзербайжан Республикасының, Испания Корольдігінің, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Португалия Республикасының, Түркия Республикасының және Өзбекстан Республикасының Жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған мен Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп құттықтау сөз сөйледі. Түркия Есеп сотының 160 жылдығына арналған ресми ашылу бағдарламасы Есеп сотының төрағасы Метин Йенер мырзаның сөз сөйлеуімен басталды.
Мерейтойға арналған салтанатты шара Түркия Есеп сотының әкімшілік ғимаратында түрлі тақырыптағы панельдік пікірталас түрінде жалғасты. Спикерлер ретінде Түркияның Конституциялық сотының баяндамашылары, академиктер және Португалия мен Испанияның ЖАО өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Есеп комитетінің делегациясы Түркияның Есеп сотының IT секторының қызметкерлерімен кездесіп, сыртқы мемлекеттік аудит саласындағы IT-инновацияларды талқылады. Сондай-ақ Түркияның ЖАО-ның сот функциялары мен өкілеттіктері мәселелері де талқыланды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
*** 1862 жылы 29 мамырда шығыстар мен пайдаларды бақылауға алу арқылы қаржылық тұрақтылықты орнату, мемлекеттік қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ираде-и-Сение Сұлтан Абдулазиздің жарлығына сәйкес Түркияның Есеп сотының негізі қаланған Диван-и-Мурасебит Жоғары қаржы кеңесі құрылды.