Есеп комитеті ЕУРОСАИ-дың 2024-2030 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын талқылауға қатысты

Есеп комитеті ЕУРОСАИ-дың 2024-2030 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын талқылауға қатысты

Бүгін Прага қаласында Чех Республикасының Жоғары аудит офисі ұйымдастырған Еуропа жоғары аудит органдары ұйымының (ЕВРОСАИ) пост-конгресі аяқталды. 

Іс-шара шеңберінде Есеп комитетінің өкілдері ЕУРОСАИ-дың 2024-2030 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын талқылауға қатысты, ЕУРОСАИ-ға қатысушы жоғары аудит органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тез өзгеретін жағдайларда мемлекеттік аудиттің әлеуеті мен рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

ЕУРОСАИ ұйым қызметінің негізгі бағыттарының көрмесін өткізді, олардың ішінде - экологиялық аудит, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, аудит қорытындыларын көрсету. 

Сондай-ақ, ЕУРОСАИ-дың жоғары аудит органдары басшылары Чех Республикасының Президентімен кездесті.

Бұдан басқа, Есеп комитеті Чех Республикасының Жоғары аудит офисімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

***Еуропалық жоғары аудит органдарының ұйымы (ЕУРОСАИ) өз қатарында 195 елдің жоғары аудит органдарын (бұдан әрі – ЖАО*) толық құқылы мүше ретінде, 5-уін - қауымдастырылған мүше ретінде және 1-уін үлестес мүше ретінде біріктіретін ИНТОСАИ (Халықаралық жоғары аудит органдарының ұйымы) өңірлік ұйымдарының бірі болып табылады. ИНТОСАИ Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін қолдайтын ұйым дәрежесіне ие.

 Есеп комитетінің баспасөз қызметі