
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жұмыскерлері 2021 жылы «Экспо» саябағының аумағында ашылған «Есеп комитетінің аллеясында» көктемгі сенбілік өткізді. Жасыл көшеттер әр түрлі тұрмыстық қоқыстан тазартылып, қосымша жас ағаш көшеттері отырғызылды.
«Есеп комитетінің аллеясы» ведомство құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған және Қазақстанның жоғары аудит органының астанамызды абаттандыру және көгалдандыру жобасын іске асыруға және «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акциясына қосқан үлесі.
Осындай іс-шараларға қатысу Есеп комитеті қызметкерлерінің жақсы дәстүріне айналды, бұл қаланы таза, жайлы, әдемі етіп қана қоймай, ұжымның бірлігін де нығайтады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі