Кездесу Есеп комитетінің Төрайымы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры арасындағы білікті кадрларды даярлау және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес өтті.
ММУ Қазақстан филиалының студенттерімен әңгімелесу барысында Наталья Годунова мемлекеттік аудит органдарындағы кадрлар тапшылығы, осы сала үшін аналитиктер дайындау қажеттігі, мемлекеттік аудит органдарының құрылымы, қазіргі заманғы ақпараттың ұдайы жаңаруы мен көлемінің ұлғаюы жағдайларындағы Есеп комитетінің жұмыс істеу қағидаттары, ІТ-аудит және қаржы ведомстволарын жедел цифрландыру туралы бірқатар маңызды мәселелерді қозғады.
«Біз уақыт сынына сай болуымыз керек», – деді Наталья Годунова. – Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік бағдарламалар жазылатын және бірнеше көздерден қаражат бөлінетін белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу құралы. Мемлекеттік аудит бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін қамтамасыз етеді не тиімсіз жұмсаудың себептерін анықтайды, қаржылық бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдау жөнінде ұсынымдар береді, бұл болашақта оларды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік бағдарламаларды барынша тиімді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Аудиттің міндеті – жүйелі проблемаларды анықтау және шешу, бұл өнімсіз шығыстарды қысқартуға мүмкіндік береді және ел экономикасының дамуына оң әсер етеді. Сапалы мемлекеттік бақылау мен аудитсіз мықты мемлекет болуы мүмкін емес». Наталья Годунова мемлекеттік аудиторлар жауапкершілігінің өте жоғары деңгейде болуы олардың моральдық-этикалық қасиеттерінің басымдығына себепші болатынын атап өтті.
Александр Сидорович ММУ Қазақстан филиалы мамандарды даярлаудың кәсіби, құқықтық және моральдық-адамгершілік аспектілерін күшейтуді мақсат етіп отырғанына ерекше назар аударды. «Біз Қазақстан патриоттарын тәрбиелейміз, біздің түлектеріміз мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге кәсіби және адамгершілік жағынан дайын», – деп атап өтті Александр Сидорович.
Наталья Годунова сұрақтарға жауап бере отырып, Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-да сертификат алу тетігін түсіндіріп, Есеп комитетінің мемлекеттік аудит органдары жұмыс орындарын және жан-жақты қызмет ұсына алатын аналитиктерге мүдделі екенін тағы бір мәрте атап өтті.
ММУ Қазақстан филиалының студенттерін бакалавриат немесе магистратура бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі, мансаптық өсу және мемлекеттік аудитор лауазымына орналасу үшін қосымша құзыреттердің қажеттілігі қызықтырды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі