
2022 жылғы 22 сәуірде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бейнеконференция байланысы режимінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Есеп комитеті, тексеру комиссиялары, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың жұмыскерлері қатарынан және жеке тұлғалардан 21 үміткер қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша 17 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді, 4 үміткерге беруден бас тартылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі