Заңнамаға жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, мүгедектерге көмек беруді көздейтін толықтырулар енгізілді

Заңнамаға жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, мүгедектерге көмек беруді көздейтін толықтырулар енгізілді

2018 жылғы тамызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мүгедектерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізді.

Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер не мемлекеттен, не жұмыс берушіден қажетті көмекті ала алмайтындығы анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 22-бабының қолданыстағы редакциясында жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жұмыста мертiгуге ұшырау немесе кәсiптiк ауруға шалдығу нәтижесінде мүгедектік алған адамдарға көмек көрсетудің баламалы мүмкіндігін қөздеу ұсынылды.

Осылайша 2021 жылғы қазанда «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 20-бабына және 22-бабына әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектің санаторий-курорттық емделуін, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді көздейтін толықтырулар енгізілді. Бұл жаңа енгізулер егер жұмыс берушіге қатысты оны банкрот деп тану немесе қызметін тоқтату (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаны жою) туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда да, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан адамдарға қатысты қолданылады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі