
Есеп комитетінің өкілдері бейнеконференция форматында COVID-19 пандемиясына әрекет ету аудиті бойынша ЕВРОСАИ жобалық тобының семинарына қатысты.
Іс-шарада короновирустық пандемия кезеңінде ұлттық үкіметтердің мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі тақырыбы талқыланды.
Конференцияда Ұлыбритания, Грузия, Испания, Литва, Франция, Нидерланды, Чехия, Эстония және басқалары жоғарғы аудит органдарының (ЖАО) 40 астам өкілі қатысты. Ұлыбританияның Ұлттық аудит офисі конференцияның ұйымдастырушысы және Литваның Ұлттық аудит офисі модератор болды.
Кездесу барысында Литва, Испания, Эстония және Ұлыбританияның ЖАО өкілдері таныстырылымдар жасады.
Пандемия кезеңінде ақпаратты жинауға арналған барабар инфрақұрылымның болмауы, сыртқы және ішкі бақылаудың жетіспеушілігі, денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуіне жүктеменің артуы және басқа да проблемалар аталды, олар түптеп келгенде мемлекеттік мекемелер мен денсаулық сақтау қызметтеріне сенбеуден көрінді.
Өткеннен сабақ ала отырып, конференция қатысушылары дағдарысқа дайындыққа резерв және өндірістік қуаттарды құру, қойылған міндеттердің анықтығы, вакцинациялаудың маңыздылығын түсіндіру және осы мәселені басқару, сондай-ақ мемлекеттік ведомство тарапынан компанияларды жедел және анық қолдау және муниципалитет қолдауының нақты қажеттіліктерін есепке алу бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттігі туралы тұжырымға келді.
ЕВРОСАИ жобалық тобының кезекті кездесуі 2023 жылы өтеді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі