
Есеп комитетінің өкілдері бейнеконференция форматында болашақ тәуекелдер/климаттық өзгерістер бойынша «Климат өзгеруінің бейімделуі мен қарсыласуы» тақырыбына арналған ЕВРОСАИ жобалық тобының кездесуіне қатысты.
Іс-шарада Дания, Германия, Испания, Ирландия, Түркия, Франция, Нидерланды, Чехия, Швеция және басқалары жоғарғы аудит органдарының (ЖАО) 40 астам өкілі қатысты. Ұлыбританияның Ұлттық аудит офисі ұйымдастырушы және модератор болды.
Кездесу барысында Швеция, Нидерланды және Ұлыбританияның ЖАО өкілдері таныстырылымдар жасады.
Нидерланды ЖАО-сы климат өзгеруінің алдын алу жөніндегі көпжылдық бағдарлама туралы ақпарат берді, онда негізгі басымдықтар энергетика инфрақұрылымына, өнеркәсіпке арналған энергетика мәселелері жөніндегі өтпелі саясатқа, тұрғын аудандарда табиғи газды пайдалануды біртіндеп қысқарту мәселелері жөніндегі саясатқа, сондай-ақ климат өзгеруінің алдын алуға арналған мемлекеттік қаражатқа арналған. Сондай-ақ климаттық өзгерістердің алдын-алуға арналған мемлекеттік қаражатқа алдағы уақытта жүргізілетін аудиттер, энергетикалық құрылымның киберқауіпсіздік аудиті туралы хабарлады.
Ұлыбританияның ЖАО-сы климаттық өзгерістерге бейімделу прогрестеріне жүргізілген аудит қорытындыларымен таныстырды, онда климат өзгеруінің тәуекелдерін бағалау саласында төмен прогресті, климаттың ағымдағы және күтілетін өзгеруіне орнықтылық деңгейін, сондай-ақ оның ағымдағы жоспарларда және саясатта жоқтығын атап өтті.
ЕВРОСАИ жобалық тобы кездесуінің қорытындысы бойынша ЖАО өкілдері климат өзгеруінің перспективаларын және онымен байланысты тәуекелдерді талқылады, елдерде қабылданып жатқан шараларға және климаттық өзгерістердің алдын алуда ЖАО рөліне қатысты тәжірибемен және пікірлермен алмасты.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі