Білім және ғылым министрлігі негізсіз аударылған қаражатты қайтарды

Білім және ғылым министрлігі негізсіз аударылған қаражатты қайтарды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті  2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 арналған стратегиялық жоспарын іске асыру барысын бағалау, сондай-ақ жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын және оның ведостволық бағынысты ұйымдарындағы мемлекет активтерін пайдалануға бақылау жүргізді.  

Жүргізілген тексеру барысында мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бөлігінде бюджет заңнамасын бұзу анықталды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік қәсіпорындардың 1 928,3 млн.теңге сомасына мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау шеңберінде артық аударылған қаражатты республикалық бюджет кірісіне қайтаруы бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қәсіпорындар «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық университеті» – 392,2 млн.тенге, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» – 747 млн.тенге, «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» – 457,9 млн.тенге, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» – 316,4 млн.тенге и «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» – 14,8 млн. тенгеге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін алынған қаражатты толық көлемде қайтарды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі