Салық кодексіне кепілге берілетін мүлікке қойылатын талаптар бөлігінде толықтыру енгізілді

Салық кодексіне кепілге берілетін мүлікке қойылатын талаптар бөлігінде толықтыру енгізілді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы мамырда салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігі мемлекеттік аудитін жүргізді, оның нәтижесінде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) салық міндеттемелерін орындау мерзiмiн ұзарту кезеңінде  кепілге берілетін мүлік құнының нарықтық құнының өзгеруі ескерілуі тиіс кепілге берілетін мүлікке қойылатын талаптардың жоқтығы анықталды.

Есеп комитетінің ұсынымдарын орындау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 85-VII ҚРЗ Заңымен Салық кодексінің 51-бабының 1-тармағына тиісті толықтыру енгізілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі