Есеп комитеті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының ЖҚБО басшыларының 5-кездесуіне қатысты

Есеп комитеті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының ЖҚБО басшыларының 5-кездесуіне қатысты

Есеп комитетінің өкілдері Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) Жоғарғы қаржылық бақылау органдары басшыларының 5-кездесуіне бейнеконференция форматында қатысты. Пәкістан Бас адиторының офисі кездесудің ұйымдастырушысы және модераторы болды.

Іс-шараның негізгі тақырыптары – COVID-19 аудитіне жұмсаулар, COVID-19-дің ОДМ-ге қол жеткізуге әсері, қашықтықтан аудит жүргізу саласындағы білім және тәжірибемен алмасу.

Пәкістанның Бас аудиторы А.Г. Мұхаммед мырза құттықтау сөзін сөйледі.

Қырғыз Республикасы Есеп палатасының төрағасы А.Ш. Акматов  үйлестіру қызметінің нәтижелері бойынша есепті ұсынды және Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Пәкістанның ЖАО-лары қатысқан әлеуметтік қорғау саласындағы қатар тиімділік аудитінің қорытындыларын атап өтті.  

Сондай-ақ Қазақстан Есеп комитетінің мүшесі Михаила Бортник те сөз сөйледі, ол жоғарғы аудит органы СOVID-19 пандемиясы жағдайында экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы іс-шаралардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдауға бағытталған бір қатар аудиторлық іс-шараларды өткізгенін атап өтті.

Мемлекеттік аудит саласындағы халықаралық ынтымақтастық тетіктерін одан әрі дамытудағы бірлескен жұмысты жандандыру бойынша уағдаластық, Есеп комитетінің үш семинарды (Әлеуметтік аудит, бюджет кірістерін атқару аудиті, Салық әлеуетін бағалау) өткізу бойынша ұсыныстарын ескере отырып, 2022 – 2023 арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және ауыл шаруашылығы саласындағы қатар аудит 5-кездесудің басты қорытындылары болды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі