Есеп комитеті Мемлекеттік секторды дамыту мәселелері жөніндегі еуропалық форумға қатысты

Есеп комитеті Мемлекеттік секторды дамыту мәселелері жөніндегі еуропалық форумға қатысты

Есеп комитетінің өкілдері 2022 жылғы 30 наурызда бейнеконференция форматында «Мемлекеттік сектордағы ішкі және сыртқы аудиторлар үшін жаңа перспективалар» тақырыбына арналған Мемлекеттік секторды дамыту мәселелері жөніндегі еуропалық форумға қатысты.                

Форумға 20 астам елдің жоғарғы сыртқы аудит органдарының, ішкі аудит органдарының және басқа да ұйымдардың 300 астам өкілі қатысты. Кездесудің ұйымдастырушысы және модераторы Еуропалық ішкі аудит институттарының конфедерациясы болды (ЕКИВА).

Кездесу барысында ЕВРОСАИ/ЕКИВА жұмыс тобының төрағасы, Латвия және Нидерланды ЖАО өкілдері, Орнықты бизнес басқару саласындағы бухгалтерлерді басқару институтының төрағасы, Гронинген университетінің профессоры және басқалар сөз сөйледі. 

Қатысушылар еуропалық елдердің интеграцияланған есептілік қағидаттарын қабылдауы бөлігінде еуропалық мемлекеттік сектордағы мемлекетттік аудит органдарының интеграцияланған есептілігін қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ Нидерланды ЖАО-ның Бухгалтерлерді басқару институтымен бірлескен жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Іс-шарада ішкі және сыртқы аудит жұмысында өзара іс-қимыл, есептілікті қалыптастыру кезінде бірлескен нәтижелерді пайдалану, сондай-ақ едәуір айқындылыққа қол жеткізу мақсатында әлеуметтік медиамен қарым-қатынас құру туралы ұсыныстар айтылды.

Есеп  комитетінің баспасөз қызметі