Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді

2021 жылғы маусымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізді, оның нәтижесінде мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құқықтық актілерде кемшіліктер анықталды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:

ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 444 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына алынған қарыздарды кейіннен есепке алуды регламенттеу мен объективті және анық ұсынуды қамтамасыз ететін қаржылық міндеттемелерді көрсету тәртібін бекіту бойынша Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында және Есеп саясатының нормаларында орын алған сәйкессіздіктерді жою бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына Қағидалардың 7,8,9,10 қосымшаларын Қағидалардың 13-тармағына сәйкестікке келтіру бөлігінде, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының барлық нысандарына қол қою бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Министрлік мынадай:

- 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5;

- 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 444 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №1342;

 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 53 бұйрықтармен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі