«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ   Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдады

2021 жылғы маусымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жер ресурстарын ұтымды басқаруды, пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында Мемлекеттік жер кадастрына аэроғарыштық жұмыстардың, жер мониторингінің қорытындылары бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін анықтау жөніндегі жұмыстардың қорытындылары бойынша мәліметтер енгізілмейтіні; «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ дайындаған шаруа қожалықтары жер учаскелерінің жеке паспорттарында топырақ және геоботаникалық зерттеулердің ескірген деректері және бонитет баллдары енгізілгені анықталды.

Осыған байланысты, Мемлекеттік жер кадастрын аэроғарыштық жұмыстардың, ғарыштық мониторингтің нәтижелері бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін анықтау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы бойынша жер мониторингінің мәліметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін сүйемелдеу бойынша қызметтерді көрсету шарты шеңберінде жерсеріктік фотосуреттерді www.aisgzk.kz сайтында жариялау, жер мониторингі карталарының сапалық сипаттамаларын және орташа өлшенген бонитет баллдарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі