Бүгін, 25 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит органдары алқасының бірлескен отырысы өтті.
Бейнеконференция байланысы режимінде өткен отырысқа Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ЖАО басшылары мен өкілдері қатысты және 2020 жылы уәкілетті органдардың Кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу, оларды осы мемлекеттер бюджеттерінің кірістеріне аудару тәртібі туралы хаттаманы сақтауы бойынша бірлескен тексеруді қорытындылады.
Тұтастай алғанда бес мемлекеттің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібінің сақталуы қамтамасыз етілді.
2020 жылы ЕАЭО-ға мүше бес мемлекеттің бюджеттеріне түскен кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы 11 239,4 миллион АҚШ долларын (2019 жылы – 12 739,8 миллион АҚШ долларын) құрады.
Отырысқа қатысушылар Хаттаманың міндеттемелерін толық және уақтылы орындауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарды ескере отырып, бірлескен тексеру қорытындылары туралы есепті бекіту және оны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтеріне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияға жолдау туралы шешім қабылдады.
Есеп комитетінің баспасөз релизі