
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылы «Қазпочта» АҚ-ның активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекетттік аудит барысында цдиаөм Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің (Комитет) өзінің алдына қойылған байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуден болған шығындарды жабу бойынша субсидиялар көлемінің негізділігін бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті мемлекетттік бақылау және реттеу бойынша міндетті тиісінше орындамағаны анықталды.
Осыған орай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ішкі аудит қызметіне 2018 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде қалалық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету кезінде болған шығындарды жабуға субсидия төлеудің дұрыстығына тексеру жүргізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін цдиаөм-нің ішкі аудит департаменті 2022 жылғы 4 ақпанда Комитетте байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының шығындарын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 41 122,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі