
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы қыркүйекте республикалық бюджеттен Павлодар облысына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында Павлодар облысының медициналық ұйымдарында дәрілік құралдарды есепке алуды қалпына келтіру бөлігінде тапсырма берілді.
Осыған байланысты, Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Павлодар облысының әкімдігі 16 медициналық ұйымда дәрілік құралдарды есепке алуды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі